русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
  • Құқықтық көмек
  • Ережелер
  • Архив

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ АКАДЕМИЯСЫ МАҢЫЗДЫ МӘЛІМДЕМЕ ЖАСАДЫ

29.09.2020

406

Халықаралық Түркі академиясы президенті Дархан Қыдырәлі мырза Әзербайжан мен Армения арасындағы қақтығысқа байланысты мәлімдеме жасады, – деп «Арман» АКО хабарлайды Twesco Press -ке сілтеме жасай отырып.

Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Әзербайжан Республикасының оккупациядағы аудандарында әскери жағдайдың шиеленісуіне байланысты алаңдаушылығын білдірді. Түркі академиясы Халықаралық құқық нормалары мен қағидаттарын қатаң сақтайтындығын растай отырып, қақтығысты 1993 жылы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Әзербайжан Республикасының егемендігін, аумақтық тұтастығын және халықаралық деңгейде мойындалған шекараларының мызғымастығы ескеріліп қабылданған қарарлары негізінде реттеуге шақырады.

Академия президенті әзербайжан-армян Таулы Қарабақ қақтығысының бейбіт жолмен реттелуіне және ЕҚЫҰ Минск тобының қолдауымен келіссөздер процесіне нұқсан келтіруі мүмкін қандай да бір арандатушылық мәлімдемелер мен әрекеттерге жол бермеу керектігіне баса назар аударды. Осыған орай, Академия басшысы Әзербайжан халқына адамдардың қаза болуына байланысты көңіл айтады және жараланғандардың тезірек сауығып кетуін тілейді.

 

«Арман» АКО

‹›
ДсСсСрБсЖмСбЖс
Мақалалар
барлығы
  • Бейімдеу орталығы керек

    19.04.2022

  • Тәуелсіздіктің қандастарға тартуы

    28.12.2018

    Елбасымыздың шақыруымен 2018 жылға дейін Ұлы дала еліне шетелден 1 миллионнан астам этникалық қазақтар, қанымыз бір қандастар елге табан тіреп үлгірген.

  • БЕС ТИЫН

    11.12.2018

    Назарларыңызға О. Бөкейдің тамаша туындысын ұсынамыз!

  • АТА САЛТТЫҢ ДҮБІРІ – АТА ЗАҢНЫҢ ТҮБІРІ

    21.09.2018

    АТА САЛТТЫҢ ДҮБІРІ – АТА ЗАҢНЫҢ ТҮБІРІ


Сыртқы жаңалықтар
барлығы
  • Монғолияда халық азаматтық құқықтары үшін шеруге шықты

    28.12.2018

Жаңалықтарға жазылу

Яндекс.Метрика
    • Біз туралы
    • Жаңалықтар
    • Мақалалар
    • Құқықтық көмек
    • Ережелер
© 2016 Арман - Барлық құқықтар қорғалған.