русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
  • Құқықтық көмек
  • Ережелер
  • Архив

Халықаралық «Дала дауысы» көрмесі

13.12.2022

47

2022 жылы 13 желтоқсан күні Ыстанбұл қаласында Алматы қаласы музейлер бірлестігі және ҚР Ыстанбұлдағы Бас консулы бірлесіп ұйымдастыруымен «Дала дауысы» атты халықаралық көрменің ашылуы өтті – деп хабарлайды «Арман» АКО.

Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасының арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 30 жыл толуына, сонымен қатар, Тәуелсіздік күніне арналған көрмеде Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі қорындағы бірегей, құнды жәдігерлер Ыстанбұл жұртшылығы назарына ұсынылды.

Көрменің ашылу салтанатында ҚР Ыстанбұл қаласындағы Бас консулы Әлім Дәуренұлы Байел, Бақыргөй ауданы Мәдениет департаментінің директоры Асуман Айдоғмуш, Қазақстан мәдениет және сауда орталығы төрағасының орынбасары Ержан Уәйіс және Алматы қаласы музейлер бірлестігі директоры Сағындықова Ляззат Құдайбергенқызы жылы лебіздерімен бөлісті. Көрмеге Ыстанбұл тұрғындар мен қандастармыз, кәсіпкерлер мен студенттер қатысты.

Көрмеге қазақтың көне музыкалық аспаптарының арасында күй атасы Құрманғазының, бас шайыр Абай хакімнің, жыр алыбы Жамбылдың, Ақан серінің, дауылпаз күйші Нұрғисаның жеке домбыраларының және қобыздың атасы Қорқыттың, Ықыластың тарихи қобыздарының көшірмелері қойылған. Міне, нағыз ұлттық өнердің жауһарлары. Көрермендер тарихи жадігерлермен танысып, ұлттық өнермен сусындады.

 

«Арман» АКО

‹›
ДсСсСрБсЖмСбЖс
Мақалалар
барлығы
  • Бейімдеу орталығы керек

    19.04.2022

  • Тәуелсіздіктің қандастарға тартуы

    28.12.2018

    Елбасымыздың шақыруымен 2018 жылға дейін Ұлы дала еліне шетелден 1 миллионнан астам этникалық қазақтар, қанымыз бір қандастар елге табан тіреп үлгірген.

  • БЕС ТИЫН

    11.12.2018

    Назарларыңызға О. Бөкейдің тамаша туындысын ұсынамыз!

  • АТА САЛТТЫҢ ДҮБІРІ – АТА ЗАҢНЫҢ ТҮБІРІ

    21.09.2018

    АТА САЛТТЫҢ ДҮБІРІ – АТА ЗАҢНЫҢ ТҮБІРІ


Сыртқы жаңалықтар
барлығы
  • Монғолияда халық азаматтық құқықтары үшін шеруге шықты

    28.12.2018

Жаңалықтарға жазылу

Яндекс.Метрика
    • Біз туралы
    • Жаңалықтар
    • Мақалалар
    • Құқықтық көмек
    • Ережелер
© 2016 Арман - Барлық құқықтар қорғалған.