Бүгін Қазақстанның Тәуелсіздік күні мен қазақтың белгілі ағартушысы, түркітанушы, көрнекті мемлекет қайраткері, алғаш қазақ ұлттық жазу графикасын жаушы, ғалым – Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай, Анкара қаласындағы Етимесгут ауданында Ұлт ұстазының ескерткіші мен саябағы салтанатты түрде ашылды – деп, хабарлайды «Арман» АКО
Саябақ пен ескерткіштің жасалуына ҚР Түркиядағы елшілігі, Етимесгут ауданның әкімідігі, Астана қаласының әкімдігі, «YDA» холдингі т.б. арнайы қолдап демеушілік білдірді. Іс-шарада ҚР Түркиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Еркебұлан Сәпиев, Етимесгут ауданның әкімі Енвер Демирел, Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен, «YDA» холдинг басқарма төрағасы Хусейн Арслан т.б. арнайы құттықтау сөзін сөйлеп лебіз білдірді. Сонымен қатар, ТР Сыртқы істер министрінің өкілі Хасан Баджаджы, Анкарадағы түркітілдес Елшіліктердің өкілдері, ТҮРКСОЙ өкілдері, Қазақстан мәдениет және сауда орталығы төрағасының орынбасары Ержан Уәйіс және орталық өкілдер, Астана қаласы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Ақмарал Сәбит, Астана қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Серік Әділбаев, Астана қаласы Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Жанабай Мейрманқұлов және мүсін авторлары Айдос Бүркітбаев пен Тимур Ермухамет, зиялы қауым, қазақ диаспорасы және БАҚ өкілдері қатысты.
Ахмет Байтұрсынұлы қазақ халқына ғана емес, күллі түрік жұртына ортақ тұлға екенін, ол Қазақстанның болашағы үшін ғана емес, түрік әлемінің азаттығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен тұлға екендігі аталып, ұлт ұстазының еңбегі мен өмір жолы халыққа қысқаша таныстырылды.
«Арман» АКО