2022 жылы 14 желтоқсан күні Еліміздің Тәуелсіздік күні қарсаңында «Қазақстан – Түркия қарым-қатынасына 30 жыл» толуына орай, Ыстанбұлда Қазақстан мәдениет және сауда орталығының ұйымдастыруымен фото-сурет көрмесі және «Түркістан Тәуелсіздігінің Жетекшісі Мұстафа Шоқай» атты кітабінің тұсаукесер салтанаты өтті – деп хабарлайды «Арман» АКО.
Іс-шараға Ыстанбұл қаласындағы ҚР-ның Бас консулы Әлім Байел, Алматы қаласы музейлер бірлестігінің директоры Ләззат Құдайбергенқызы, белгілі қоғам қайраткерлер, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың басшылары, Түркиядағы қандастар мен студенттер қатысты.
Ең әуелі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Уәйістің тарихи фото-суреттер көрмесі туралы қысқаша таныстырылып, қонақтар жылы лебіздерін білдірді, көрменің ашылу салтанаты жасалды (көрме жіп (лента) қиылды).
Одан соң, Түркия мемлекетінің құрылғанына 100 жыл толу құрметіне «Түрік дүниесінің 100 тұлғасы» атты кітаптар топтамасы қатарына кірген Тариз ғылымдарының докторы, профессор Әбдіуақап Қараның «Түркістан Тәуелсіздігінің Жетекшісі Мұстафа Шоқай» атты кітабінің тұсау кесер рәсімі өтті. Іс-шара соңында қонақтарға арнайы естелік сыйлық бұйымдар беріліп, концерттік бағдарламада ұлттық өнерімізді дәріптеп жүрген жас өнерпаздар ән айтып, жыр күймен қонақтардың құлағының құрышын қандырды.
«Арман» АКО