русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
  • Құқықтық көмек
  • Ережелер
  • Архив

Қытайдағы құрылтай: Билігін күшейткен Ши Жинпиң және саяси бюродағы жақтастары

22.10.2022

54

Сурет: BBC порталынан

Ши Жинпиң Қытай Компартиясының Бас хатшысы лауазымына үшінші мерзімге ресми түрде қайта сайланды. Мұндай көрсеткіш бұрын-соңды болмаған. Сонымен қатар саяси бюроның жаңа құрамына тек қана оның «жақтас» кандидаттары кірді. Осылайша, қазіргі төраға Си Мао Цзэдуннан кейінгі Қытайдың ең ықпалды көшбасшысы мәртебесін бекітті.

Сейсенбіде өткен жиында Қытай Коммунистік партиясының Орталық Комитеті Ши Жинпиңді үшінші мерзімге – тағы бес жылға партияның бас хатшысы етіп сайлады. Ол сондай-ақ ҚКП ОК Әскери кеңесінің төрағасы лауазымын да қайта алды.

Шиге дейін, Дэн Сяопин кезеңінен бастап Қытайда бұл қызметте екі мерзімге ресми шектеу болған. Бірақ аталған заң 2018 жылы елдің қазіргі басшысының бастамасымен жойылды. Бұл жолы саяси бюроның тұрақты комитетінің жаңа құрамына тағы жеті адам кірді. Олардың барлығы Си Цзиньпинмен тығыз байланыстағы саясаткерлер.

«Карнеги қорының» аға зерттеушісі Александр Габуев: «Ши тек өзінің кандидаттарына ғана сенеді. Сол себепті ол Цзян мен Ху кезінде болған құзыретті басшылардан құтылуға асықты. Тараптар соңғы 10 жыл бойы жаңа ережелермен ойнады және билікті алуға тырысты», – дейді.

ҚКП 20-шы съезінің ашылуында Қытай төрағасы: «Қытай жаңа даму архитектурасын қалыптастыруды жеделдетіп, жоғары сапалы дамуды ілгерілетеді. Жаңа даму тұжырымдамасын толық, анық және жан-жақты жүзеге асырып, социалистік нарықтық экономиканың реформаторлық бағытын берік ұстанып, сыртқы әлемге ашықтықты жоғары деңгейде кеңейтуді жалғастыруымыз керек», – деген болатын. Оның айтуынша, Қытай институционалдық деңгейде ашықтықты, атап айтқанда, ережелерге, басқару жүйелері мен стандарттарға қатысты ашықтықты «ұстанады».

Жиында белгілі болғандай, Қытай Коммунистік партиясы меритократияға басымдық берді. Сондай-ақ, жеті адамнан тұратын комитетте бірде-бір әйел жоқ. Бұл комитетте ешқашан әйелдер болған емес және Си Цзиньпин бұл дәстүрді бұзған жоқ. Жалғыз ерекшелік «төрт Банда» кезінде Маоның жұбайы болды, бірақ ол ресми қызмет атқарған жоқ.

ҚКП съезі Тайуаньға қатысты саясатқа қатысты тұжырымдарды және ережелерді бұрынғыдан қатаңдатты. Осы уақытқа дейін қолданыста болған жарғыда «Қытай халқының, оның ішінде Тайуаньдағы отандастардың бірлігін нығайту жөніндегі жұмыс» қана айтылған еді. Бұл жолғы жаңа түзетулерде Қытай билігінің Тайуань мәселесінде бұрынғыдан да қатаң саясат ұстанатындығы айтылады.

‹›
ДсСсСрБсЖмСбЖс
Мақалалар
барлығы
  • Бейімдеу орталығы керек

    19.04.2022

  • Тәуелсіздіктің қандастарға тартуы

    28.12.2018

    Елбасымыздың шақыруымен 2018 жылға дейін Ұлы дала еліне шетелден 1 миллионнан астам этникалық қазақтар, қанымыз бір қандастар елге табан тіреп үлгірген.

  • БЕС ТИЫН

    11.12.2018

    Назарларыңызға О. Бөкейдің тамаша туындысын ұсынамыз!

  • АТА САЛТТЫҢ ДҮБІРІ – АТА ЗАҢНЫҢ ТҮБІРІ

    21.09.2018

    АТА САЛТТЫҢ ДҮБІРІ – АТА ЗАҢНЫҢ ТҮБІРІ


Сыртқы жаңалықтар
барлығы
  • Монғолияда халық азаматтық құқықтары үшін шеруге шықты

    28.12.2018

Жаңалықтарға жазылу

Яндекс.Метрика
    • Біз туралы
    • Жаңалықтар
    • Мақалалар
    • Құқықтық көмек
    • Ережелер
© 2016 Арман - Барлық құқықтар қорғалған.