2022 жылдың 25 желтоқсанында қытайдағы қандастарымыз ұлттық салт-дәстүрді ұлықтап «Соғым фестивалін» өткізді деп хабарлайды «Арман» АКО Халық газетіне сілтеме жасап.
Қандастармыз карантиндік шектеу шаралары алынып тасталғанан кейін, ұлттық дәстүрімізді нәсихаттау, жаңғырту мақсатында Шыңжаң Тяньшань аңғарындағы саяхат аумағында соғым мерекесін кең көлемде атап өтіп, іс-шарада шашу шашылып, айтыс, дәстүрлі ән, ұлттық билер биленіп көрерменнің көз мейірін қандырды. Сонымен қатар, қатысушылар қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татты. Мерекелік шарада соғым туралы түсінік беріліп, оның маңызын атап: соғым ― қазақтың дәстүрлі салты. Қыстың басталуымен ірі малдың етін сүрлеп, қысқы азыққа дайындайтындығын баяндады.
«Арман» АКО