русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
  • Құқықтық көмек
  • Ережелер
  • Архив

Қытайда ХХ мемлекеттік құрылтай өтті

19.10.2022

56

Бейжіңде Қытай Коммунистік партиясының ХХ мемлекеттік құрылтайының өтіп жатыр. Съезд жұмысына қатысу үшін Қытайда 2296 делегат сайланған. Сайланған өкілдердің басым бөлігі «Жоғары идеялық-саяси қасиеттері» бар коммунистік партияның мүшелері.

ҚХР төрағасы Ши Жинпиң ҚКП 20-шы съезінің ашылуында: «Қытай жаңа даму архитектурасын қалыптастыруды жеделдетіп, жоғары сапалы дамуды ілгерілетеді. Жаңа даму тұжырымдамасын толық, анық және жан-жақты жүзеге асырып, социалистік нарықтық экономиканың реформаторлық бағытын берік ұстанып, сыртқы әлемге ашықтықты жоғары деңгейде кеңейтуді жалғастыруымыз керек», – деді.

Оның айтуынша, Қытай институционалдық деңгейде ашықтықты, атап айтқанда, ережелерге, басқару жүйелері мен стандарттарға қатысты ашықтықты ұстанады.

Ши Жинпиң Қытайдың сауда державасына айналуын жеделдетіп, «Бір белдеу, бір жол» жобасының жоғары сапалы дамуына жәрдемдесетінін, халықаралық экономика мен сауда-экономикалық қарым-қатынастардың әртараптандырылған және тұрақты дамуына күш салатынын айтты.

Негізінен үшінші мерзімге қайта сайлануды жоспарлап жүрген Қытай басшысы өз мәлімдемесінде әлемдегі «қолайсыз сыртқы және ішкі факторлардың ықпалында жатқан Қытайдың әлемдік көшбасшылығының» міндеттерін тұжырымдады. Сонымен қатар, ол АҚШ-тан кейінгі екінші державаның қиын жағдайға тап болғанын және Тайуань мәселесі бойынша Бейжің «амалсыздан мәжбүрлі» соғысқа дайындалып жатқанын да ескертті.

 

«Арман» АКО

 

‹›
ДсСсСрБсЖмСбЖс
Мақалалар
барлығы
  • Бейімдеу орталығы керек

    19.04.2022

  • Тәуелсіздіктің қандастарға тартуы

    28.12.2018

    Елбасымыздың шақыруымен 2018 жылға дейін Ұлы дала еліне шетелден 1 миллионнан астам этникалық қазақтар, қанымыз бір қандастар елге табан тіреп үлгірген.

  • БЕС ТИЫН

    11.12.2018

    Назарларыңызға О. Бөкейдің тамаша туындысын ұсынамыз!

  • АТА САЛТТЫҢ ДҮБІРІ – АТА ЗАҢНЫҢ ТҮБІРІ

    21.09.2018

    АТА САЛТТЫҢ ДҮБІРІ – АТА ЗАҢНЫҢ ТҮБІРІ


Сыртқы жаңалықтар
барлығы
  • Монғолияда халық азаматтық құқықтары үшін шеруге шықты

    28.12.2018

Жаңалықтарға жазылу

Яндекс.Метрика
    • Біз туралы
    • Жаңалықтар
    • Мақалалар
    • Құқықтық көмек
    • Ережелер
© 2016 Арман - Барлық құқықтар қорғалған.