русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
  • Құқықтық көмек
  • Ережелер
  • Архив

Қайта жаңғырған Республика күні құтты болсын!

24.10.2022

59

Сурет: әлеуметтік желіден алынды

Араға 13 жыл салып Республика күні мемлекеттік мерекелер ретінде қайта оралды. Атаулы датаның еліміз үшін маңызы орасан. Себебі, Республика күні – егемендігімізді ұлықтау күні.

1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданды. Декларацияда алғаш рет ел аумағының тұтастығы, қазақ халқының және Қазақстандағы басқа да ұлт өкілдерінің мәдениетін, дәстүрін, тілін қайта түлету, ұлттық болмысты қалыптастыру әрі нығайту сияқты мемлекеттік қағидаттар бекітілді. Сонымен қатар, құжатта саяси, экономикалық және әлеуметтік мәселелерді өз бетінше шешу принципі жарияланды. Одан бөлек, мемлекетке ішкі әскер, мемлекеттік қауіпсіздік және ішкі істер органдарын құру құқығы берілді. 

2001 жылдан бері бұл мейрам мемлекеттік мейрам ретінде аталып өте бастады. Алайда 2009 жылы тиісті заңға өзгеріс енгізіліп, Республика күні мемлекеттік мерекелер тізімінен шығарылды.

Биыл президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың отырысында аталған мейрамды қайтару қажеттігін мәлімдеп, парламент тиісті заңды қабылдады.

«Арман» АКО ұжымы сіздерді шын жүректен құттықтайды! Қазақстанның жеке мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының нышаны саналатын Республика күні құтты болсын! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, заманымыз бейбіт болғай!

 

«Арман» АКО

 

‹›
ДсСсСрБсЖмСбЖс
Мақалалар
барлығы
  • Бейімдеу орталығы керек

    19.04.2022

  • Тәуелсіздіктің қандастарға тартуы

    28.12.2018

    Елбасымыздың шақыруымен 2018 жылға дейін Ұлы дала еліне шетелден 1 миллионнан астам этникалық қазақтар, қанымыз бір қандастар елге табан тіреп үлгірген.

  • БЕС ТИЫН

    11.12.2018

    Назарларыңызға О. Бөкейдің тамаша туындысын ұсынамыз!

  • АТА САЛТТЫҢ ДҮБІРІ – АТА ЗАҢНЫҢ ТҮБІРІ

    21.09.2018

    АТА САЛТТЫҢ ДҮБІРІ – АТА ЗАҢНЫҢ ТҮБІРІ


Сыртқы жаңалықтар
барлығы
  • Монғолияда халық азаматтық құқықтары үшін шеруге шықты

    28.12.2018

Жаңалықтарға жазылу

Яндекс.Метрика
    • Біз туралы
    • Жаңалықтар
    • Мақалалар
    • Құқықтық көмек
    • Ережелер
© 2016 Арман - Барлық құқықтар қорғалған.