Сурет: Ана тілі интернет желісінен
«Отандастар қоры» КеАҚ «Достар алаңы» жобасын бастады. Жоба мақсаты – шетелде тұратын қандас балаларға қазақ тілін үйретіп, қазақша сөйлейтін орта қалыптастыру.
Сайттың ресми хабарламасында: «Жоба аясында қазақша сөз саптап, сөйлем құрауды үйрету; аты-жөнінен бастап, ата-тегін дұрыс айту, ұлттық салт-дәстүр мен ұлы тұлғалар туралы әсерлі әңгімесу; қызықты тақырыптар таңдап, әлемді бірге танып-білу; онлайн форматта күнделікті байланысқа шығып, тіл байлығын арттырумен қатар, жаңа достар табу жұмыстары қолға алынады», – делінген.
Қор шетелдік қандас балаларға ана тілімізді үйрету үшін мектеп жасындағы ұл-қыздар мен ұлтжанды волонтёр жастарды жобаға атсалысуға шақырады. Толығырақ мәліметті +7 778 552 8116 байланыс нөмірінен білуге болады.
«Арман» АКО