Моңғолияның астанасы ұланбатырда 27 желтоқсан күні қақаған 30 дан асып 40 градусқа таяп тұрған аязға қарамастан монғолия халқы өздерінің аяқ асты болған азаматтық құқықтары үшін бейбіт шеруге шықты.
Моңғолия халқының азаматтық құқықтары үшін, жемқорлықты кәсіпке айландырған шенділерді жою үшін, жерді және жер астындағы қазына байлықты сатып жатқан сатқындар, жемқорлықтың жетекші басында тұрған спикер М.Энхболдны орыннан түсіру, өкімет басынан кетіру үшін қарсылық көрсетіп өкімет үйінің алдындағы Сүхбаатар алаңына отыз мың (30 000) адам жиналып саяси шеру өткізді. Шеруге қатысқан белсенділер шеріу мақсаты өз деңгейінде орындалып халық қанағаттанбайынша жалғасатынын, егер талап орындалмаса саяси отырыс одан болмаса, аштық жариялауға дейін баратындықтарын ескертіп, кеш батқанға дейін жалғасқан бейбіт шеріу өз міндеттерін атқарып тыныш тарады.
Байыт ҚАБАНҰЛЫ
«Арман» АКО