русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
  • Құқықтық көмек
  • Ережелер
  • Архив

МӘҢГІ ЕЛ ЖЫРЫ

24.10.2020

368

Қазіргі әлемдік жаһандану заманында ұлттық болымысымызбен құндылықтарымызды сатқап қалу қазақ қоғамындағы ең басты маңызды тақырыптардың бірі екені анық. Ұлттың рухын көтерер өлең-жырлар ата-бабаларымыздан жалғасып келе жатқан дәстүр, мұра. Елге ес берер, жүрегіне отты жырымен дем салатын жыраулар мен ақындардың ізін жалғаған қазіргі таңдағы ақындармыз көп. «Арман» АКО сіздерге ақындар арасындағы ел мен жер, ұлттың мүдесінде жазылған өлеңдері саф алтындай салмақты таланты, жас ақын Аділет Ахметұлының  «Мәңгі ел жыры» туындысын назарларыңызға ұсынып отыр.

 

Есіл де, есіл, есіл күн, 

Ел қонды Есіл бойына. 

Ата жыраудай көсілдім, 

Атажұртты алып ойыма. 

 

Дерегі терең көмілген, 

Дешті қыпшақтың даласы. 

Ақ орда тікті төріңнен

Текті қазақтың баласы. 

 

Жауына есе бермеген, 

Жанарларында от ойнап. 

Жарыса шауып желменен,   

Жалпақ әлемге атойлап. . . 

 

Есен де, есен ел аман, 

Көгінде самғап құстарым. 

Тәңірі Нұрмен ораған, 

Тәуелсіз Қазақстаным! 

 

Тұлпарға мінсе сол халық, 

Толқып көл, теңіз, тау көшкен, 

Толғамалы балта қолға алып, 

Толарсағынан қан кешкен. 

 

Астында алаш ұранның, 

Ұлы далам деп ұшпағым. 

Түркіден қалған Тұранның

Жауға бермеген пұшпағын. 

 

Беу, Қазақстан, киелім, 

Ел бар ма шіркін, өзіңдей. 

Сарыарқа сені сүйемін, 

Анамның Нұрлы көзіндей. 

 

Жалпақ әлемге жар салған, 

Алшыдан түскен асығы. 

Ғаламат ғалам тамсанған, 

Бұл ғасыр – Қазақ ғасыры.

 

Құлпырды бүгін даламның, 

Бүйрек белдері бүр атып. 

Осы емес пе еді бабамның, 

Мың жылғы арман мұраты. 

 

Аспан реңдес байрағым, 

Желбіреп тұрды көгімде. 

Төріңе шығып сайрадым, 

Арманым жоқ ау, менің де. 

 

Тәуелсіздігім тәп-татты, 

Оңымнан туды жұлдызым. 

Атажұртында от жақты.

Алыстан жеткен ұл-қызың. 

 

Мен сені жырлап болмаспын, 

Егемен далам, тынысым!   

Жырақта жүрген қандастың, 

Арқа сүйейтін шыңысың. 

 

Ау, Атажұртым, аймағым, 

Мәңгілік ел боп жаралған. 

Айбатым сенсің айбарым,   

Тағзым саған Ақордам. 

 

Есіл де, есіл, есіл күн, 

Есіл бойына ел қонды. 

Бағдары нұрлы көшімнің, 

Алаштың жері кең болды. 

 

Тебіренем саған текті аймақ, 

Өлең етермін өлгенше. 

Көкке желбіре көк байрақ, 

Көктегі күнім сөнгенше! 

 

«Арман» АКО

‹›
ДсСсСрБсЖмСбЖс
Мақалалар
барлығы
  • Бейімдеу орталығы керек

    19.04.2022

  • Тәуелсіздіктің қандастарға тартуы

    28.12.2018

    Елбасымыздың шақыруымен 2018 жылға дейін Ұлы дала еліне шетелден 1 миллионнан астам этникалық қазақтар, қанымыз бір қандастар елге табан тіреп үлгірген.

  • БЕС ТИЫН

    11.12.2018

    Назарларыңызға О. Бөкейдің тамаша туындысын ұсынамыз!

  • АТА САЛТТЫҢ ДҮБІРІ – АТА ЗАҢНЫҢ ТҮБІРІ

    21.09.2018

    АТА САЛТТЫҢ ДҮБІРІ – АТА ЗАҢНЫҢ ТҮБІРІ


Сыртқы жаңалықтар
барлығы
  • Монғолияда халық азаматтық құқықтары үшін шеруге шықты

    28.12.2018

Жаңалықтарға жазылу

Яндекс.Метрика
    • Біз туралы
    • Жаңалықтар
    • Мақалалар
    • Құқықтық көмек
    • Ережелер
© 2016 Арман - Барлық құқықтар қорғалған.