русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
  • Құқықтық көмек
  • Ережелер
  • Архив

Көш керуеніне 30 жыл!

01.09.2022

54

Таяуда Моңғолияның Баян-Өлгей қаласында Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының 30 жылдық мерейтойы жоғары деңгейді аталып өтті. Екі күнге созылған мерекелік іс-шара ағайынның ақ ниетімен жайылған қонағасына ұласты.


Шарада арнайы ұйымдастырылған дөңгелек үстелде қоғамдағы қыз-келіншектердің орны, білім саласы, тіл мәселесі сынды түрлі тақырыптар талқыланды. Ел астанасындағы Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының басшысы Қабсаттар Омарұлы ұйымдастырған кездесуде қандастарымыз көптеген проблемаларын айтып, өтініш хаттарын табыстаған.


Аталған меретой жайлы қауымдастықтың астанадағы филиалының басшысы Қарлығаш Хожамұрат: «Бастауы сонау 1992 жылдан басталған ұлы көшке биыл 30 жыл толды. Бұл шараның халық үшін маңызы орасан. Шарада Табылды Досымов атындағы қордың қолдауымен Табылдының әндерінен концерт қойдық. Ақтөбе облысының маслихат депутаттары Бижан Қалмағанбетов және Естай мырзалар елге көшем деген ағайынға мемлекет тарабынан бөлінген квотадан басқа кәсіпкерлер қолдау көрсететінін тілге тиек етті. Алдағы уақытта бұл бағытта жұмыс жасайтын боламыз», – дейді.


Сонымен қатар ұлан-асыр тойда ұлы көштің куәгерлеріне, қазақ руханиятына қалтқысыз қызмет еткен азаматтарға «Алғыс хат» табысталған.


Айта кетейік, 1 қыркүйекте қазақ-жоңғар соғыстары мен қазақ-қытай қатынастары кезінде ерлігімен және дипломатиялық қабілетімен көзге түскен Қожаберген батыр Жәнібекұлына Баян-Өлгей аймағында ескерткіш орнатылған болатын. Мүсін батырдың 320 жылдық мерейтойына орай жасалған.

 

                                                                                                                                                                 «Арман» АКО

‹›
ДсСсСрБсЖмСбЖс
Мақалалар
барлығы
  • Бейімдеу орталығы керек

    19.04.2022

  • Тәуелсіздіктің қандастарға тартуы

    28.12.2018

    Елбасымыздың шақыруымен 2018 жылға дейін Ұлы дала еліне шетелден 1 миллионнан астам этникалық қазақтар, қанымыз бір қандастар елге табан тіреп үлгірген.

  • БЕС ТИЫН

    11.12.2018

    Назарларыңызға О. Бөкейдің тамаша туындысын ұсынамыз!

  • АТА САЛТТЫҢ ДҮБІРІ – АТА ЗАҢНЫҢ ТҮБІРІ

    21.09.2018

    АТА САЛТТЫҢ ДҮБІРІ – АТА ЗАҢНЫҢ ТҮБІРІ


Сыртқы жаңалықтар
барлығы
  • Монғолияда халық азаматтық құқықтары үшін шеруге шықты

    28.12.2018

Жаңалықтарға жазылу

Яндекс.Метрика
    • Біз туралы
    • Жаңалықтар
    • Мақалалар
    • Құқықтық көмек
    • Ережелер
© 2016 Арман - Барлық құқықтар қорғалған.