2022жылы 18 мамыр күні Халықаралық Түркі академиясында академия Президенті Дархан Қыдырәлі Қазақстанға алғашқылардың бірі болып ат басын бұрған қандастардың ішіндегі шоқтығы биік ғалымдардың бірі әрі бірегейі, еліміз бен шетелдерге танымал түрколог ғалым, профессор Қаржаубай Сартқожаұлының 75 жасқа толуына орай, түркодогия саласындағы жетістіктері үшін, оны академияның Алтын медалымен марапаттап, иығына шапан жапты. Бұл өз кезегінде «Кіндігін таспен кескен», өмірін тас бетіндегі түркі бітік жазуларын оқуға арнаған ғалымға деген үлкен құрмет!
Кездесуге Моңғолияның Қазақстандағы елшілігінің бірінші хатшысы Дамба Батсуурь және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры Жантас Жақыпов, ғалым-қаламгер Тұрсынхан Зәкен, белгілі қытайтанушы ғалым Бақыт Еженхан, фольклортанушы Акедил Тойшанулы, журналист Ержан Жаубай т.б қонақтар қатысты. Қатысушылар ғалым туралы құттықтаулары мен ізгі тілектерін айтып, сөз сөйлеп жылы лебіздерін жеткізді.
«Арман» АКО