Сурет: ашық дереккөзден
Еліміздің кәсіпқой боксшысы Қанат Ислам Аргентиналық Хавьер Франсиско Масьельден шаршы алаңда басым түсіп, кәсіпқой рингтегі 28-жеңісіне жетті деп informburo.kz сайтына сілтеме жасап «Арман» АКО хабарлайды.
АҚШ-тың Флорида штатындағы Плант-Ситиде өткен жарыста отандасымыз 8 раундық жекпе-жектің екінші раундынан бастап басымдығын айқын көрсетті. Кездесудің ақтық раунды аяқталар тұста қазақ боксшысының бүйірді көздеген ауыр соққысынан кейін рингтегі төреші нокдаун тіркеген. Осылайша төрешілер қандас боксшымыздың жеңісін жариялады.
Бұған дейін қандасымыз 29 жекпе-жек өткізіп, оның 28-сінде жеңіске жеткен. Осы ретте редакциямыздың атынан қандас боксшымыз Қанат Исламды және барша жанкүйерлерін тартысты жекпе-жектегі жеңісімен шын жүректен құттықтай отырып, алдағы бокс жарыстары да сәтті һәм жеңісті болуына тілектеспіз!
Арай Жұматай «Арман» АКО