Мемлекет басшысы адамдардың өміріне қатер төнгенде көрсеткен асқан ержүректігі мен батылдығы үшін Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің 2-курс студенті Абылай Балапановты Құрмет грамотасымен марапаттады-деп жазды ҚР президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли фейсбук парақшасында.
Абылай Балапанов өткен демалыс күндері Алматы қаласындағы субұрқақтардың бірінде тоқ соғып, зардап шеккен әйел мен екі баланы құтқарып қалған.
«Арман» АКО