Қазақстың Ұлт ұстазы, ғалым Ахмет Байтұрсынұлы 150 жылдық мерейтойына орай, Алаш арыстарына деген құрметпен Қостанай облысы Ақкөл ауылынан Ыстанбұл қаласын бетке алып, 5555 км веломарафонға жолға шыққан Ернат Мелсұлы Анкара, Кония т.б қалаларды басып өтіп, 2022 жылдың 25 қазанында Ескішеһір (Eskisehir) қаласына жетті.
Ұлт жанашырын Анадолы университеті алдынан Қазақстандық студенттер қауымдастығының жастары арнайы қарсы алып алды. Кездесу іс-шарасында рухани азық болар салиқалы әңгімелер айтылып, Ернат Мелсұлы өзінің жолдағы сапар естеліктерімен бөлісті. Жалынды қазақ жастары велашабандозға көмектесіп, керекті мәселелерін шешіп беріп, 2022 жылдың 26 қазанында Бурса қаласына жолға шығарып салды. «Арман» АКО ұжымы бірлігі бекем қазақтың жалынды жастары мен ұлт жанашырына ризашылықпен алғыс айтып, сәттілік тілейді!
«Арман» АКО