Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алып әлемдік бәсекеге қабілетті, қуатты елге айналғаннан бастап, Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтің шақыруымен 1991 жылдан 2018 жылға дейін Ұлы дала еліне шетелден 1 миллионнан астам этникалық қазақтар, қанымыз бір қандастар елге табан тіреп үлгірген. Қандастарымыздың Атамекенге келуімен қазақ халқының көптеген мәдени, салт-дәстүр т.б. рухани құндылықтармен қатар адам байлығы қазақ даласын одан әрмен толықтыра түскені баршамызға аян.
Қандастардың елге келуіне ең әуелі ата-бабамыздын мұра болып қалған байтақ жердегі, Қазақстанның тәуелсіздік алғандығының арқасында еді. Екіншіден: Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтің салиқалы саясатының негізінде әлем қазақтарының қазақ еліне келуіне есікті айқара ашқандығынан. Ал енді, «Елге ел қосылса құт» - демекші, Ұлы дала елінің 27 жылдық тәуелсіздік қандастарға қандай тартуын сыйлады?
ТӘУЕЛСІЗДІК:
1. Азаттық аңсаған шеттегі барша ағайынның арман тілегіне жеткізді.
2. Еркіндік пен бостандық өмірдің тәтті дәмін сездірді.
3. Қазақ халқының ата дәстүр-салты мен тілі, діні, діліне жаңа леппен «рухани жаңғыруға» жеткізді.
4. Болашағын қазақ елінің дамуымен байланыстыратын салиқалы ұрпақты ана тілінде, ұлттық тәрбиеде тәрбиелеп өсіруге мүмкіндік туғызды.
5. Шеттегі ағайынның әлеуметтік, экономикалық, білім-ғылым, өнер, мәдени достық қарым-қатынасында оң бағыттар мен саудада жақсы табыс табуға, әрі әлем кеңістігіне жан-жақтылы шығуға жағдай жаратты.
6. Қазақ елінде демократияға, елдегі әр қандай тиімділіктер мен жеңілдіктерге қол жеткізуге жол ашты.
Міне, осындай шеттігі қандастарға айта берсек таусылмас байлық сыйлаған - Тәуелсіз Қазақстан.
Қандастарымыздың Атамекеннен не алсам? –деп емес, не берсем? – деп келетінін бәріміз риясыз білеміз; Әрі ол бөлек тақырып. Бүгінгі тілге тиек болған тәуелсіздіктің тартуындағы бір үзім ойда егемен еліміздің қадіріне жете біліп, Елбасымыздың «бізді болашаққа жеткізер - бірлік» - демекші Ұлы дала елінің ынтымағы мен татулығын сақтайық. Сонымен қатар, білім-ғылым, өнер, мәдениет, экономика т.б. салаларда өз мамандығымызбен тек өз таңдау жолымызды дұрыс жүріп, басқаны аяғынан шалмай, азғыру мен арандатуға бармай «ел үшін қандай салада болса да еңбек етіп, қызмет істеймін, Отанымның өркендеуіне өз шамамызша үлес қосамын» - деп жұдырықтай жұмылып, бірлікте, көк туды аспанымызда мәңгі желбіретіп, қазақ еліне өзіндік үлесімізді қосып, тәуелсіздік сыйының қадіріне жете білейік ағайын.
Нұрбазар ЖӘҢГІРТЕГІ фейсбук парақшасынан
«Арман» АКО