Қазаққа керектің тағы бір керегін жеткізе келген қос азамат Солтүстік Қазақстан облысының шалғай ауданы, Шал ақын ауданында бейімделу орталығы ашылуы керек дейді.
Қиырдан келген қандасымыз Құрметті танып қалдық, Қытай Халық Республикасының Алтай аймағынан келген тырнақтай бала мал аштан қырылып жатыр деп, қолына шалғы алып шөп шауып, оны межелі мекенге жеткізу барысында үлкен еңбек етті. Бұл жалпы халықтық қолдау тапты, халық алғысын айтып, бүгінгінің батыры деп қабылдады. Енді білекті сыбанып тастап қазақ көшімен айналыссам дейді. Өз ағайын туғаннан басқа әке-шешемде қытайдан көшіп келе алмай отыр. Теріскейге көшті бұру бағытында бағдарламалармен танысып, сіздермен бірлесе қызмет етпекпін.
Шығыстың тумасы Бурахан болса теріскейге көшіп барып, қазақ көшімен айналысуда. Ғасырлық маңызға еге болған көш мәселесінің шешілмеген түйткілдері өте көп. Ағайынның жан айқайын күйіне жеткізді, облыстан емес, ауданнан бейімделу орталығын ашу керек. Көшіп келген ағайынның тез сіңісіп кетуін, тілдік кедергілер мен құқықтық және басқадай жағдайларда жәрдем керек. Тіпті дүкеннен нан ала алмайды өйткені дүкенші басқа ұлт өкілдері. Қарапайым жағдай болып көрінгенмен олар үшін бұл күнделікті күрделі кедергілер. Елге келген ағайынның жағдайы дұрыс болмай, келесі көшті күту бұл ақымақтық, олар бұлардың жағдайының нашарлығын көріп келгісі келмей қалады. Тіптен кері көшкісі келетіндер де бар, бір отбасын әзер тоқтаттым, деді ашына сөйлеген Бурахан бауырымыз.
Бейбіт күннің қос батырын тыңдап отырып іске сәт дедік, қолдан келгенше қоллау көрсетеміз.
Қазақ көші тоқтамасын, елге ел қосылса құт деген. Жырақтағы жұрттың туған жерге жаутаңдап қарап отырса, кісінің жаны қалай жай табады. Ата жұртқа оралтудың оң шешімдерін қарастырып, ортақ пікір туындатайық.
Қарлығыш Бекпатшақызы
Дүниежүзі қазақтарының
қауымдастығының кеңесшісі «Арман» АКО